27.12.2006, 13:47 3353

Мәжіліс депутаттары "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конституциялық кеңестің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы, 3-тармағын ресми түсіндіру туралы" 2005-жылғы 1-шілдедегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында Жер кодексінің мәтініне ұғымды бірыңғай түсіну және пайдалану үшін "мемлекеттің әжеті" деген сөзді "мемлекеттің мұқтаждығы" деген сөзбен алмастыру ұсынылып отыр",- делінген мәжілістің ауылшаруашылығы істері жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Осы орайда "мәжбүрлі тәркілеу" деген ұғымды тиісті мақсатта пайдаланылмай отырған немесе заң бұза отырып пайдаланылып отырған жер телімдерін тәркілеу оқиғаларында ғана пайдалану ұсынылған.

"Депутаттар тарапынан ұсынылған өзгерістерде жер телімін кепілдікке қою процедурасын жеңілдету, жер телімін мемлекеттің мұқтаждығына деп тәркілеу барысында жер телімінің иесі мен оны пайдаланушының құқығын күшейту қарастырылған. Бұған қоса депутаттардың ұсыныстарында жер телімін мәжбүрлі иеліктен шығару жүзеге асырылатын ерекше жағдайлар анықталып, сатып алу бағасын белгілеу мерзімі мен келтірілген шығынды өтеп беру жайттары нақтыланады",- делінген қорытындыда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасында жеке меншік баспана тұрғызуға жер телімдерін сату жөнінде тендерлер өткізу ұсынылған. Ал қолданыстағы заңнамада жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдері тегін беріледі деп көрсетілген.

Депутаттар заң жобасын талқылау барысында заң жобасын үшінші оқылымда қарау жөнінде шешім қабылдады.

Заң жобасы үшінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны