27.09.2006, 17:58 2937

Мәжіліс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын мақұлдады

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында бүгін депутаттар "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конвенцияның мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтарды темекі шегудің зиянды салдарынан, сондай-ақ темекіге қарсы күрес шаралары үшін тиісті шараларды қамтамасыз ету арқылы темекі пайдалану, темекі түтіні әсерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарынан қорғауды айқындайды",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қырытындысында.

Құжат ережелері темекіні тікелей және жанама жарнамалаудың барлық нысандарына, демеушілікке және оны насихаттау мен контрабандалық жолмен әкелуге тыйым салу жөніндегі іс-шараларды енгізуді реттейді. Сонымен қатар темекі шегушілікті тұрақты азайтуға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау құралы ретінде темекі өнімдеріне салық салу саясатын пайдалану тетіктері қарастырылады.

Сондай-ақ бұл құжат темекі өнімдерінің қорабы мен бумасындағы ескертпе жазудың көлемін 50 процентке дейін ұлғайтуды ұсынады. Ал еліміздегі қолданыстағы заңнамасында бұл көлем темекі өнімі қорабының 1 бетінің кемінде 20 процентін иемденуді көздейді.

Конвенцияға Қазақстанның БҰҰ-ның жанындағы тұрақты өкілі 2004-жылдың 21-маусымында Нью-Йоркте қол қойған. Қазақстан конвенцияға қол қойған 129-шы ел болды.

Заң жобасы парламент сенатына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны