01.07.2015, 15:02 3323

Мәжіліс ЕАЭО туралы шартқа Қырғызстанныӊ қосылуы туралы шартты ратификациялады

Аталған шарт 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған. Оныӊ талаптарына сәйкес, Қырғыз Республикасы осы Шарт күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтыӊ сыртқы экономикалық қызметтіӊ бірыӊғай тауарлық номенклатурасын пайдаланады

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Халық қалаулылары ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасыныӊ қосылуы туралы шартты, осыған орай,Еуразиялық экономикалық одақтыӊ құқығына кіретін басқа да халықаралық шарттар мен хаттамаларды ратификациялау туралы заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлады Мәжіліс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған шарт 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған. Оныӊ талаптарына сәйкес, Қырғыз Республикасы осы Шарт күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтыӊ сыртқы экономикалық қызметтіӊ бірыӊғай тауарлық номенклатурасын пайдаланады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтыӊ үшінші елдерге қатысты бірыӊғай сауда режимін сақтау мақсатында Қырғыз Республикасы үшінші елдермен саудада ЕАЭО мүше барлық мемлекеттер 2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша осындай үшінші елдермен өздері жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланатын тиісті режимді қолданады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, осы күні Италиямен, адамдарды ұстап беру және Италиямен, Румыниямен, Болгариямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялау туралы заӊ жобалары талқыланып, мәжілісмендер қолдауына ие болды.

Жалпы отырыста депутаттар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарап, оӊ баға берді. Заӊ жобасымен қолданыстағы заӊнамадағы олқылықтардыӊ орнын жоюды көздейтін заӊнамалық актілерге: Салық кодексіне, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заӊдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.

Осы құжат бойынша жұмыс тобыныӊ 9 отырысы өткізіліп, онда 200-ден астам түзету қаралған. Мәжіліс депутаттары осы күні мақта саласын дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қарап, Сенат енгізген өзгерістермен келісті. 5 позициядан тұратын түзетулер заӊ жобасыныӊ тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді.

Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасыныӊ қосылуы туралы шартқа Армения Республикасыныӊ қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты заӊ жобасын жұмысқа қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны