07.10.2015, 11:26 4316

Мәжіліс екінші оқылымда Жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын мақұлдады

Ол Еӊбек кодексініӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам)

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламент Мәжілісініӊ пленарлық отырысында палата депутаттары екінші оқылымда Жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол Еӊбек кодексініӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам), деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Жаӊа Еӊбек кодексін дайындауға бизнес қауымдастықтардыӊ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ, республикалық және салалық кәсіподақтардыӊ, еӊбек заӊы саласы ғалымдарыныӊ, Халықаралық еӊбек ұйымы өкілдерініӊ және Дүниежүзілік банктіӊ мүдделерін қорғайтын сарапшылар қатысты. Жұмыс тобыныӊ 20-дан астам отырысы өткізілді.

"Жаӊа Еӊбек кодексініӊ тұжырымдамалық моделі тараптардыӊ мүдделер тепе-теӊдігін сақтай отырып, олардыӊ жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласуын шегін нақты анықтауды ұсынады.

Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақыныӊ еӊ төменгі деӊгейдегі еӊбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарыныӊ бұл міндеттемелерді орындауын қатаӊ бақылайтын болады.

Жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардыӊ әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады", - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, вице-министр Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысын анықтау шараларыныӊ жеӊілдетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, негізгі еӊбек кепілдемелері мен қызметкерлердіӊ құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардыӊ рөлі кеӊейтілді, оныӊ ішінде жақында қабылданған "Кәсіподақтар туралы" Заӊда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.Осылайша, юнионизация тәжірибесініӊ дамуына септігін тигізетін тараптардыӊ ұжымдық шарттар мен келісімдер жасаудағы қызығушылығы арта түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны