13.06.2007, 19:06 2945

Мәжіліс экспорттық бақылау туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Экспорттық бақылау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қолданыстағы экспорттық бақылау туралы заңды талдау нәтижесінде айтарлықтай олқылықтар мен ескірген нормалар анықталды",- деп түсіндірді индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов депутаттарға заң жобасын таныстыра отырып. "Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесінің маңызы өсе түскенін, халықаралық терроризмнің төндіріп отырған қауіп-қатерін ескере отырып, сондай-ақ экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында аталмыш заң әзірленіп отыр",- деп қосты ол.

Заң жобасында "экспорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылармен экспорттық бақылаудың ішкі фирмалық жүйесін құру жолымен экспорттық бақылау саласындағы заң бұзушылықтардың алдын - алу, сонымен қатар сыртқы экономикалық істерді міндетті түрде есепке алуды енгізу, халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдастық пен үйлестіруді күшейту" қарастырылған.

Заң жобасы сентаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны