06.10.2016, 14:34 3708

Мәжіліс экстремизмге және терроризмге қатысты заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Осы күні халық қалаулылары азаматтық заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерді де бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Парламент Мәжілісініӊ Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жалпы отырысы өтіп, депутаттар экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Мәжілістіӊ баспасөз қызметі.

Н. Нығматулин атап өткендей, Елбасыныӊ мемлекет қауіпсіздігін заӊдық тұрғыдан күшейтуге байланысты берген нақты тапсырмасына орай Үкімет аталған заӊ жобасын әзірлеп, оны талқылауға депутаттармен бірге бүкіл қоғам қатысып, өз қолдауын көрсетті. Осыдан кейін ғана Мәжілістіӊ жалпы отырысына ұсынылған өте маӊызды құжат бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ орынбасары Марат Қалқабаев баяндама жасады. Заӊ жобасында қару-жарақ айналымын, оны сақтау тәртібін бақылауды күшейту, оныӊ ішінде азаматтық, қызметтік қару және оқ-дәрі айналымы, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудыӊ ерекше тәртібін жүзеге асыру, халықаралық террористік ұйымдарға және шетелдегі қарулы жанжалдарға қатысқаны үшін жазалау шараларын күшейту, діни топтар мен бірлестіктердіӊ қызметіне тыйым салуға қатысты көптеген түзетулер көзделген. Дегенмен, бүгінгі жалпы отырыста да депутаттар тарапынан сұрақтар аз болмады.

Осыныӊ барлығын назарға алған Мәжіліс Төрағасы: "Біз заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. Енді Елбасы тапсырмасын қалтқысыз орындау үшін құжатты әзірлеушілер мен осы саланыӊ кәсіби мамандары бірінші және екінші оқылым аралығында депутаттармен, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, заӊ жобасын қауіпсіздікті, тұрақтылықты сақтауға, азаматтарымыздыӊ тыныш өмір сүріп, еӊбек етуін қамтамасыз етуге барынша ықпал ететіндей жоғары деӊгейде өз мәресіне жеткізу керек",-деді.

Осы күні халық қалаулылары азаматтық заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерді де бірінші оқылымда мақұлдады. Заӊ жобасы несие берушініӊ мәртебесін күшейтеді. Егер жөнсіз мұрагерлер алған мүлігін тіркеуден бас тартып жүрсе, несие беруші ондай мұрагерлерден мүлікті тіркеуді талап ете алады. Борышкер шоттарына бірнеше рет шектеу қойылған жағдайда ақшаны есептен шығарудыӊ кезекшілігі өзгереді. Денсаулыққа келтірілген залал, алименттерді өндіру және еӊбек ақысын, зейнеттік міндетті төлемдерді төлеу бойынша азаматтардыӊ талап-арыздары бірінші кезекте төленеді. Мемлекеттіӊ және басқа несие берушілердіӊ қарыздары жоғарыда айтылған талап-арыздар өтелген жағдайда ғана төленеді. Заӊ жобасы жеке мүлік құқығын қорғаудыӊ қосымша кепілдіктерін көздейді және заӊды тұлғалар туралы бірқатар нормалар жетілдіріледі. Осы құжаттағы мәмілелерді жарамсыз деп тану институтын жетілдіру ұсыныстары жобаныӊ тұжырымдамалық жаӊалығы болып табылады. Заӊ жобасында жарамсыз мәмілелердіӊ мәнсіз және дауланатын мәмілелерге бөлінуі көзделеді. Мәжіліс Төрағасы заӊ жобасы екінші оқылымда қаралғанға дейін бүгінгі айтылғандарды есепке ала отырып, жан-жақты жетілдіруді тапсырды. Жалпы отырыста салық резиденттігін растайтын құжатты тану тәртібі туралы Ресеймен келісімніӊ ратификациялануын көздейтін заӊ жобасы депутаттардыӊ оӊ қорытындысын алды. Келісімніӊ басты мақсаты - аталған рәсімді жеӊілдету. Келісімде Ресей салық төлеушілерінде 2011 жылдан бастап апостильсіз берілген сертификаттар болған жағдайда, ол құжаттар Қазақстанныӊ салық органдарында шектеусіз қабылдануы қарастырылған. Ресей салық органдары біздіӊ отандық резиденттер үшін де осы тәртіпті қолданатын болады. Осы күні Палата міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістерге байланысты заӊ жобасын жұмысқа қабылдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны