18.02.2015, 12:27 4451

Мәжіліс Елбасына Үндеу жолдап, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдауды және сайлау уақытын белгілеуді сұрады

Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеӊесініӊ кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысы қаралды. Ол бойынша палата депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына үндеу жолдап, онда президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдауды және сайлау мерзімін белгілеуді сұрады

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеӊесініӊ кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысы қаралды. Ол бойынша палата депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына үндеу жолдап, онда президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдауды және сайлау мерзімін белгілеуді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы отырыстағы талқылаудан соӊ ҚР Тұӊғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған үндеуді Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов оқыды. "Конституцияға сәйкес бiз, депутаттар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибiшұлы Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы кеӊесiнiӊ кезектен тыс президент сайлауын өткiзу ұсынысын қолдау өтiнiшiмен шығуымыз қажет" деген төменгi палата спикерi депутаттар атынан Елбасына жолданған үндеуiн оқып бердi, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Үндеуде кезектен тыс сайлау өткiзу бастамасын барша қоғам қолдап отырғандығына назар аударылған.

"Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеӊесініӊ мүшелері, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама жасады. Осыған ұқсас ұсыныстар Парламентке еліміздіӊ барлық өӊірлерінде тұрып жатқан сайлаушылардан және халықтыӊ түрлі әлеуметтік топтарынан бірнеше мәрте түскен болатын. Бұл бастама еліміздегі саяси партиялар тарапынан, азаматтық қоғам институттарынан, жастар мен кәсіпкерлер қауымдастығынан да қолдау тапты. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы қоғамдық пікір Қазақстанға да әсер етпей қоймайтын объективті геосаяси және сыртқы саясаттағы жағдайларға байланысты болып табылады", - деді Қ. Жақыпов.

Үндеуде Мәжіліс депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлау Қазақстан мемлекеттігініӊ одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдіреді.

"Құрметтi Нұрсұлтан Ибiшұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеӊесiнiӊ ұсынысын қолдауды және Конституциясыныӊ 41-бабыныӊ 3/1-тармағына сәйкес кезектен тыс президент сайлауын өткiзу мерзімін белгiлеудi қарастыруды сұраймыз", - деді Мәжіліс спикері.

Осыған байланысты депутаттар Мәжілістіӊ Үндеуін бірауыздан қолдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны