09.11.2016, 17:39 3889

Мәжіліс еліміздіӊ бас қаржы құжаты - "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заӊ жобасын мақұлдады

"Бұл еліміздіӊ негізгі қаржы құжаты. Үш жылдық бюджет Елбасыныӊ мемлекетімізді әлеуметтік жаӊғырту жолындағы маӊызды тапсырмаларын орындауға бағытталған. Оны толықтай орындау Үкіметтіӊ, Парламенттіӊ басты міндеті. Сондықтан, ендігі жылы Парламентте біз бюджеттіӊ орындалу нәтижесін қарайтын боламыз",-деді.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс еліміздіӊ бас қаржы құжаты - "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Жалпы отырысқа Премьер-Министр Б.Сағынтаев пен басқа да Үкімет мүшелері қатысты.

Біраз уақытқа созылған талқылаудан кейін Мәжіліс Спикері депутаттар тарапынан мақұлданған алдағы үш жылдық бюджет жобасыныӊ Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ мемлекетімізді әлеуметтік жаӊғырту бағытын толықтай қамтығандығын атап өтті.

Одан әрі Парламенттіӊ, Үкіметтіӊ, Есеп комитетініӊ бюджеттік көрсеткіштерге қол жеткізуді бақылауды бірлесе қамтамасыз ету керектігін алға тарта келіп, Н. Нығматулин:

"Бұл еліміздіӊ негізгі қаржы құжаты. Үш жылдық бюджет Елбасыныӊ мемлекетімізді әлеуметтік жаӊғырту жолындағы маӊызды тапсырмаларын орындауға бағытталған. Оны толықтай орындау Үкіметтіӊ, Парламенттіӊ басты міндеті. Сондықтан, ендігі жылы Парламентте біз бюджеттіӊ орындалу нәтижесін қарайтын боламыз",-деді.

Республикалық бюджеттіӊ жобасы республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маӊызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердіӊ көлемдері мен Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заӊдардыӊ жобаларымен үндестірілген.

Осы ретте, 2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістерініӊ болжамы (трансферттердіӊ түсімдерін есепке алмағанда) 4 338 млрд. теӊге сомасында айқындалды немесе 138,1 млрд немесе 138,1 млрд. теӊгеге артық орындала отырып, ағымдағы жылғы бағалауға қатысты 103,3 %-ды құрайды. 2018 жылға арналған республикалық бюджет кірістерініӊ болжамы 4 562,3 млрд. теӊге сомасында немесе 2017 жылдыӊ болжамына қарағанда 224 млрд. теӊгеге немесе 5,2 %-ға өсе отырып, 2019 жылға - 2018 жылға қарағанда 314,9 млрд. теӊгеге немесе 6,9 %-ға өсе отырып, 4 877,2 млрд. теӊге сомасында белгіленген.

Ал, шығыстардыӊ жалпы көлемі 2017 жылы - 8 564 млрд. теӊге, 2018 жылы - 8 370,6 млрд. теӊге, 2019 жылы 8 751,2 млрд. теӊге сомасында жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысыныӊ берген тапсырмаларын ескере отырып, экономикалық өсу мен өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шығыстарыныӊ негізгі басымдықтары болып аграрлық секторды үдемелі дамыту, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамыту, көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік саланы дамыту көзделген.

Мемлекеттіӊ әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығыстар толық көлемде қарастырылып, инфляцияныӊ болжанатын деӊгейінен 2%-ға оза отырып, зейнетақы төлемдерін ұлғайту қағидаты сақталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны