03.06.2009, 17:30 2413

Мәжіліс еліміздің кейбір заңдарына азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс еліміздің кейбір заңдарына азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасын қабылдау еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның ауқымының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ауылдық тауар өндірушілердің жұмыспен қамтылуы мен табыстарын арттыруға ынталандырады. Елдің аграрлық азық-түлік нарығы конъюнктурасының тұрақтылығын арттыруға, табиғи, өндірістік және қаржылық ресурстарды аса тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Заң жобасын бірінші оқылымға әзірлеу барысында Аграрлық мәселелер комитетіне жазбаша 170-тен астам ескерту мен ұсыныс келіп түскен. Жұмыс тобының 12 отырысы және бас комитеттің 2 отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша салыстырма кесте 105 позициядан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны