15.04.2015, 15:20 3760

Мәжіліс еӊ төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы заӊ жобасын мақұлдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ Төрағасы Қабиболла Жақыповтыӊ жетекшілігімен өткен Палатаныӊ кезекті жалпы отырысында мәжілісмендер бірқатар заӊ жобаларын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістіӊ баспасөз қызметі

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ Төрағасы Қабиболла Жақыповтыӊ жетекшілігімен өткен Палатаныӊ кезекті жалпы отырысында мәжілісмендер бірқатар заӊ жобаларын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістіӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ қатарында ілеспе толықтыруларымен "Еӊ төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы" және "Бітімгершілік қызмет туралы" заӊ жобалары бар, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Осы отырыста 2013 жылғы 23 желтоқсанда Мәжіліс қарауына бір топ Парламент депутаттарыныӊ бастамашылығымен енгізілген "Еӊ төменгі стандарттар мен кепілдіктер туралы" заӊ жобасы да мақұлданды.

"Аталған құжат Мемлекет Басшысыныӊ 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Жолдауыныӊ шеӊберінде айтылған "Еӊ төменгі стандарттар мен кепілдіктер туралы" Заӊды әзірлеу тапсырмасына сәйкес орындалған", - делінген хабарламада.

Еӊ төменгі әлеуметтік стандарттарды қолдану мақсаттары: азаматтардыӊ еӊбек және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мемлекет кепілдік берген заӊ көмегін көрсету саласындағы конституциялық құқықтарын іске асыру; еӊ төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастырудыӊ бірыӊғай құқықтық базасы мен жалпы қағидаттарын белгілеу; қоғамныӊ орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті Қазақстан Республикасы халқыныӊ өмір сүру деӊгейі мен сапасыныӊ салалық стандарттарын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен бірге, заӊ жобасында еӊ төмен әлеуметтік стандарттардыӊ қолданылу салалары және елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы деӊгейіне сәйкестендіру мақсатында оларды қайта қарау мерзімділігі айқындалады. Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда ілеспе түзетулерімен мақұлдаған "Бітімгершілік қызмет туралы" заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық контингентініӊ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

Заӊ жобасында негізгі ұғымдар ашық көрсетіліп, Қазақстан Республикасы бітімгершілік қызметініӊ қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Мәжілісмендер екінші оқылымда сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заӊ жобасын талқылады.

Жалпы отырыста халық қалаулылары Болгария және Румыниямен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ, Румыниямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заӊ жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін де нақтылады.

Сондай-ақ, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заӊ жобасы мен "Төрелік туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы", "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобаларына ілеспелі түзетулермен бірге қорытынды әзірлеу мәселесін қарастырды.

Жалпы отырыста Палата "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісім берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны