29.01.2014, 19:14 9977

Мәжіліс ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны жұмысқа алды

"Конвенцияның мақсаты мемлекеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады", - делінген хабарламада.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс "Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы Конвенцияны (26-Конвенция) ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Конвенцияның мақсаты мемлекеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады", - делінген хабарламада.

Конвенцияның ережелері жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге жолмен тиімді реттеудің белгіленген рәсімі жоқ және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында немесе секторларында (және атап айтқанда, үй өндірісінде) жұмыс істейтін барлық еңбекшілерге қолданылады.

Конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларына және еңбекшілердің барлық санатына қолданылады.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерiн бекітуге кепілдік береді.

Жалпы отырыста сөз алған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаевтың атап өткеніндей, ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы Конвенция (26-Конвенция) 1928 жылғы 16 маусымда ХЕҰ Бас конференциясында қабылданды.

Қазіргі кезде Конвенцияны ХЕҰ-ға мүше 103 мемлекет ратификациялады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішінде - Армения, Беларусь.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны