24.10.2007, 15:32 2647

Мәжіліс Еңбек миграциясы және еңбеккер мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Еңбек миграциясы және еңбеккер мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы заң жобасын мақұлдады.

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Еңбек миграциясы және еңбеккер мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Хаттамамен шекаралық еңбеккер-мигранттардың қызметін реттеу саласына толықтыру енгізіледі", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтсақ, хаттамада "шекаралық еңбеккер" деген ұғымның анықтамасы беріліп, шекаралық еңбеккердің қызметі екі жақты және көп жақты келісімдердің негізінде жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

Хаттаманы бекіту ТМД елдерінің азаматтарына шекаралас мемлекеттердің шекаралық аумақтарында жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасайды", - делінген қорытындыда.

Хаттамаға ТМД елдерінің үкімет басшылары 2005 жылдың 25 қарашасында Мәскеуде қол қойған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны