25.09.2012, 10:52 3023

Мәжіліс еркін сауда аймағы туралы шартты мақұлдады

Шарт 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербор қаласында жасалған.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шарт 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербор қаласында жасалған.

Аталған құжат ТМД аясында еркін сауданың кең ауқымды режімін енгізуді аяқтау мақсатында және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттарын ескере отырып, мемлекетаралық сауда қатынастарының құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте, шартта өзара саудада арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шараларды қолдану, сондай-ақ субсидиялар беру тәртібі айқындалады.

Құжатқа сәйкес, тараптар өзара саудада Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану туралы қағидаттарын, сондай-ақ тиісті салалардағы өздері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Шартты қолдану барысында туындауы мүмкін барлық даулы мәселелер бойынша тараптар келіспеушіліктерді жою мақсатында консультациялар жүргізеді. Ал, басқа жағдайдағы істер ТМД-ның Экономикалық сотына жіберілуі мүмкін.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны