11.05.2011, 15:40 3420

Мәжіліс есірткі, психотроптық заттар мен олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар туралы заң жобасын мақұлдады

қазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте заң жобасына бастамашы болған депутат Берік Бекжанов есірткіні пайдаланудың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы қоғамның үлкен алаңдаушылығын тудырып отырғанын алға тартып, қоғам мен әлеумет бұл үдеріске өз ықпалын күшейтулері тиістігін айтқан болатын.

Астана. 11- мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерн мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

қазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте заң жобасына бастамашы болған депутат Берік Бекжанов есірткіні пайдаланудың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы қоғамның үлкен алаңдаушылығын тудырып отырғанын алға тартып, қоғам мен әлеумет бұл үдеріске өз ықпалын күшейтулері тиістігін айтқан болатын.

"Елімізде халық денсаулығына кері әсер ететін "шөптік микстер" бүгінге дейін еркін сатылып келді. Бұлардың есірткімен әсері бірдей. Өткен жылдың 20 қаңтарында еліміздің Бас санитарының қаулысы бойынша "шөптік микстерді" сатуға тыйым салынды. Алайда, тыйым салу шарасын бұзған азаматтарға тиісті әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған", - деген еді заң жобасына бастамашы болған депутат.

Ал Мәжіліс мақұлдаған жобаға сенаторлар жалғыз түзету жасап, Мәжіліске қайтарған болатын. Бұған сәйкес, аталмыш заң алғашқы ресми жарияланған кезден бастап емес, он күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енетін болады. Мәжіліс бұл түзетуге келісімін берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны