11.06.2014, 19:56 2971

Мәжіліс Эстониямен сауданы өзара көтермелеу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

"Бұл келісімге 2011 жылғы 20 сәуірде Таллинде Қазақстан Президентінің Эстония Републикасына мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. Келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісімде экспроприация, инвесторға өтемақы төлеу және дауларды шешуге қатысты нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, келісім тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық төрелік соттарды қалыптастыру рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды", - дейді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, 2005-2013 жылдар аралығында Эстония Қазақстан экономикасына 48,3 млн доллар инвестиция тартқан. Ал осы кезеңде қазақстандық инвесторлар Эстония экономикасына 1,3 млн АҚШ долларын инвестициялаған.

2013 жылы қазақстан-эстония сауда айналымының көлемі 34,4 млн АҚШ долларына жеткен. Былтыр Қазақстаннан Эстонияға 4,7 млн доллардың өнімі экспортталып, Эстониядан Қазақстанға 29,7 млн доллардың өнімі әкелінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны