09.12.2009, 14:57 2664

Мәжіліс "ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы" және "ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады

Мәжіліс "ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы" және "ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы" және "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобалары бойынша Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов баяндама жасады.

2008 жылы желтоқсанда Бурабайда Армения, Қазақстан, Қырғыз және Ресей Республикаларының президенттерінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Дағдарысқа қарсы қор құру мәселесі тапсырылған болатын.

2009 жылы маусымда үкімет басшылары деңгейінде өскен ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесі отырысының шеңберінде Дағдарысқа қарсы қордың қаражатын басқару туралы келісімге қол қойылған.

Аталған қорда негізінен үш мақсат болды. Бірінші - ұлттық экономикалар арқылы әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстың теріс салдарын еңсеру, екінші - олардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, үшінші - Қорға қатысушы мемлекеттер экономикаларының бірігуін одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу.

Қордың қаражатын басқару функцияларын орындау Еуразия даму банкіне жүктелген. Құрылтайшы мемлекеттер Қорға бастапқы жарна ретінде: Ресей - 7,5 млрд, Қазақстан - 1 млрд, Беларусь - 10 млн, Қырғыз елі - 1млн, Тәжікстан - 1 млн, Армения 1 млн АҚШ долларына балама қаржы құяды.

Қордың жалпы көлемі - 8 млрд 513 млн АҚШ долларына тең.

Қорға бастапқы жарналарды құрылтайшы мемлекеттер Шарт және Келісім күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде төлеуге тиісті.

Заң жобасының қосымша баяндамашысы депутат Тұрарбек Асанов Қазақстан аударуға қажетті аталған қаржы биылғы жылдың бюджетінен көзделгендіктен жеделдетіп қарастыру қажет болып жатқанын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны