07.10.2009, 12:46 1756

Мәжіліс ЕурАзЭҚ Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарға қосымша бірқатар хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобаларын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста ЕурАзЭҚ Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарға қосымша бірқатар хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста ЕурАзЭҚ Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарға қосымша бірқатар хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобалары Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде мақұлданған болатын.

Атап айтсақ, "Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. Сол секілді "Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" және "Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобалары қаралды.

Бұл жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Исет Исекешев баяндама жасады.

2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық құжаттарға қол қойылды. Солардың ішінде бірнеше хаттама бар.

Аталған Хаттамалар 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 4-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамаға сәйкес күшіне енеді.

Осыған байланысты "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Хаттама ратификациялануға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны