02.05.2012, 12:08 3128

Мәжіліс ЕурАзЭҚ Сотының Статутына өзгерістер енгізілген хаттаманы мақұлдады

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының Статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама 2011 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында жасаған болатын. Бұл ретте шартқа сәйкес, ЕурАзЭҚ Соты қоғамдастықтың жабық органы болып табылады. Хаттамада Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Сотына жүгінуі көзделеді.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының Статутына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының Статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама 2011 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында жасаған болатын. Бұл ретте шартқа сәйкес, ЕурАзЭҚ Соты қоғамдастықтың жабық органы болып табылады. Хаттамада Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Сотына жүгінуі көзделеді. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері бойынша Кеден одағы шеңберінде істерді қарау және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері реттелетін болады.

"ЕурАзЭҚ Сотының судьялары қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясымен тағайындалып, босатылатын болады. Бұған кандидаттарды мемлекеттер басшылары деңгейіндегі Кеңес ұсынады. Бүгінгі күні ЕурАзЭҚ Сотының құрамы Қырғыз Республикасын қоспағанда толығымен жасақталды деп айтуға болады. Қазақстан тарапынан бұған ҚР Жоғарғы Сотының судьялары болып табылатын М.Илімбеков пен Ж. Байышев тағайындалған", - деді заң жобасы бойынша баяндаған Иділет министрі Берік Имашев.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны