08.11.2006, 17:53 2714

Мәжіліс ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің интеграциялық валюта нарығын құру саласындағы ықпалдастығы жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады - толықтырылған нұсқа

АСТАНА. 8-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің интеграциялық валюта нарығын құру саласындағы ықпалдастығы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

"Келісімде қарастырылған ережелерді жүзеге асыру ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің резидент емес банктеріне резидент-банктермен салыстырғанда қолайлылығы жағынан кем түспейтіндей шарттармен банкаралық конверсиялық операцияларды жүзеге асыруға құқық береді",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында. Бұл құжатты қабылдау ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сыртқы экономикалық іс-қызметіне қызмет көрсету үшін ұлттық валюталардың пайдаланылу салаларының аясын кеңейтуге түрткі болмақ.

"Құжатты қабылдау мемлекетттік бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға да қандайбір өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеті жоқ",- деді құжатты депутаттарға таныстырған Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов.

"Келісім депозитарий болып табылатын ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетіне ұйымға мүше елдер тарапынан құжаттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік процедуралардың орындалғаны туралы ең соңғы жазбаша хабарландыру келіп түскен күннен бастап күшіне енеді",- деді банк басшысы.

Оның айтуынша, интеграциялық комитеттің ақпаратына сәйкес, қазірде Беларусь, Ресей және Тәжікстан республикалары мемлекетішілік процедураларды іске асырды. "Аталған процедуралар Қырғызстанда жүзеге асырылып жатыр. Өзбекстан бүгінде ЕурАзЭҚ аясындағы құжаттарға бірігу процедураларын өткізуде",- деді И.Сәйденов.

Келісімге 2006-жылдың 25-қаңтарында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны