10.06.2009, 17:45 2638

Мәжіліс "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткізілген Мемлекетаралық кеңесінің кезекті 22-отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылған болатын.

Келісім ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің инвестициялық ахуалын жақсартуға және елдер арасындағы өара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Мысалы, Келісімде қатысушы елдердің инвестицияларына және инвесторларына қатысты өзара әділ және кемсітпейтін режим ұсыну көзделген. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңға сәйкес осындай халықаралық шарттар ратификациялануға тиіс.

Заң жобасы туралы ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Алмас Қосынов баяндама жасады. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Тұрарбек Асанов осы заңнамалық құжаттың маңызды екенін атап өтті. Аталған заң жобасы мақұлданып, сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны