31.01.2018, 17:12 7874

Мәжіліс газ және газбен жабдықтау туралы депутаттық заӊ жобасын түзетулермен таныстырды

Мәжілістіӊ Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасыныӊ таныстырылымын өткізді

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - 30 қаӊтарда Мәжілістіӊ Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасыныӊ таныстырылымын өткізді.

Заӊ жобасына Мәжіліс депутаттары Б. Ізмұхамбетов С. Щегельский, Ж.Нұрғалиев газ және газбен жабдықтау саласындағы қолданыстағы заӊнаманы жетілдіру, сондай-ақ оны құқықтық қолдану барысында айқындалған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында бастамашылық жасаған.

Таныстырылымға Мәжіліс депутаттарымен қатар мемлекеттік органдар, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Кazenergy" және Қазақстанныӊ отын қауымдастықтары, сондай-ақ, газ өндірушілердіӊ, газ-желілік ұйымдардыӊ, газ құю станцияларыныӊ, газ және газбен жабдықтау саласында қызметті жүзеге асыратын басқа да мүдделі субъектілердіӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны