06.12.2006, 13:19 2621

Мәжіліс ғимараттар мен автожолдарды дұрыс салмауға байланысты жазаны қатайтуға бағытталған заң жобасына қатысты келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

АСТАНА. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталары арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру үшін құрылған келісім комиссиясының шешімін мақұлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісім комиссиясының отырысында үш позиция мәжілістің ұсынысымен, үшеуі - сенаттың ұсынысымен қабылданды, ал бір позиция бойынша бірлескен ұсыныс қабылданды",- деді комиссияның шешімін таныстырған мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасымен "ғимараттарды дұрыс салмау және дұрыс жөндеу жүргізбеу, автожолдар мен нысандарды дұмыс салмау салдарынан адам қаза тапқан немесе басқа да ауыр зардап шеккен жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту" көзделіп отыр. Мұндай норма енгізу тұрғын үй және әкімшілік ғимарататрдың көптеп тұрғызылуына және автожолдарды тарту аясының кеңеюі мен олардың сапасыз салыну деректерінің көбеюіне байланысты.

Сонымен бірге бұл заңның жобасында ұялы телефондарға қатысты қитұрқылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мәселен, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "абоненттік құрылғының тану белгісі - кодын заңсыз өзгерту, бағдарламасын өзгерту, абонентті айыра тану картасын ауыстыру, ұялы байланысқа арналған абоненттік құрылғының кодын өзгертуге немесе оның бағдарламасын өзгертуге бағытталған жаңа бағдарламалар жасау немесе тарату әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған".

Заңдарға өзгерістер енгізу жөніндегі бастама 2005-жылы елімізде ұялы телефондарды ұрлауға қатысты 15 мыңанн астам деректің тіркелуіне, осындай қылмыстар санының көбейе түсуіне тікелей байланысты.

Келісім комиссиясының шешімі сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны