03.09.2009, 11:55 2555

Мәжіліс "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жекелеген баптары бойынша президенттің қарсылықтарымен келісті

Мәжіліс "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жекелеген баптары бойынша президенттің қарсылықтарымен келісті

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутатты бүгін өткен жалпы отырыста "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жекелеген баптары бойынша президенттің қарсылықтарымен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жалпы отырыста президенттің парламенттегі өкілдігінің жетекшісі Асқар Бейсенбаевтың атап өткеніндей, Қазақстан Республикасының президенті "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті өз қарсылықтарымен парламентке қайтарды. Оның мәнісі мынада: кодекстің 6-шы бабының 28-ші тармағында атап көрсетілгендей, үкімет тек кодекске сай ғана өкілеттіліктерге ие және оны соған сай жүзеге асыра алады делінген. Ал Қазақстан Конституциясының 66-шы бабының 10-шы тармағында үкімет өзіне Конституция мен президенттің заңды актілері жүктеген функцияларды атқарады деп белгіленген",- деді ол.

"Парламент қабылдаған кодекстің бұл нормасы мемлекет басшысының үкіметтің өкілеттілігін айқындау жөніндегі конституциялық құзырын шектейді", - деді А. Бейсенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны