20.04.2011, 16:07 20603

Мәжіліс халықтың көші-қон туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Халықтың көші-қоны туралы" заң жобасына ілеспе құжат ретінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Халықтың көші-қоны туралы" заң жобасына ілеспе құжат ретінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасының нормалары еліміздің ұлттық сәйкестігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды барынша қысқарту, сараланған көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон үдерістерінің келеңсіз салдарын азайтуға бағытталып отыр. Құжатты әзірлеудегі мақсат ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру болып табылады.

Сондай-ақ, заң жобасы елімізге тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін, шетелден қайтып оралған отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ еліміздің экономикалық тұрғыдан перспективасыз және экологиялық жағынан қолайсыз аумақтарда тұратын Қазақстан азаматтарын оңтайлы қоныстандыру болып табылады. Бұндай оңтайлы қоныстандыру барысында оларды орналастыруға жәрдем көрсету мен әлеуметтік қолдау жасау көзделеді. "Қолданыстағы заңнама 1997 жылы қабылданған және ол еліміздің сол кездегі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне және халықтың көші-қоны бойынша жүргізілген саясатқа толығымен сәйкес келді. Алайда, оны қабылдаған уақыттан бергі жылдар ішінде экономика құрылымы түбегейлі өзгерді. Осыған байланысты көші-қон ағымы мен сапасы да өзгеріске түсіп отыр", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіқалықова. Оның айтуынша, заң жобасында алғаш рет көші-қон ағымдарының негізгі түрлері көрсетіліп, осыған қатысты олардың әртүрлі ерекшеліктерін ескере келе, реттеу тетіктері де белгіленеді.

Сонымен қатар, заң жобасында көші-қон мәселелері жөніндегі тиісті уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау тетігін белгілеу, көшіп-қонушылар санаттарын, сондай-ақ оларды мемлекеттік реттеудің параметрлерін айқындау шаралары көзделеді. "Заң жобасында көші-қонның бірқатар негізгі түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда, олар - тарихи отанына оралу мақсатындағы көші-қон, отбасымен қосылу мақсатындағы көші-қон, білім алу мақсатындағы, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатындағы, сондай-ақ гуманитарлық, саяси себептер бойынша көші-қон", - дейді министр Г. Ибдіқалықова.

Жобамен жұмыс істеу барысында депутаттар құжаттың құрылымын жақсартатын ұсыныстар жасаған. Мәселен, құжаттың ұғымдық аппаратында "қоныс аударушы", "оралман". "ішкі көшіп-қонушы", "этникалық қазақ" деген терминдерге жаңа анықтамалар берілген.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны