14.02.2007, 14:35 2991

Мәжіліс химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасы "Техникалық реттеу туралы" заңды жүзеге асыру аясында жасалған, онда химиялық өнімді жасау, өндіру, қолдану, сақтау, таңбалау, орау, тасымалдау, сату және пайдалы жарату сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, техникалық және әкімшілік кедергілерді жою талаптары бар",- делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны