04.02.2015, 14:09 3962

Мәжіліс ХВҚ келісімініӊ баптарына енгізілетін түзетулер ратификациясын мақұлдады

ҚР Парламентініӊ Мәжілісі "Халықаралық валюта қоры келісімініӊ баптарына енгізілетін түзетулерді ратификациялау туралы" заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Парламентініӊ Мәжілісі "Халықаралық валюта қоры келісімініӊ баптарына енгізілетін түзетулерді ратификациялау туралы" заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ 2004 жылдыӊ 9 шілдесіндегі "Кейбір халықаралық ұйымдардыӊ жарғылық құжаттарын ратификациялау туралы" заӊымен Қазақстан Республикасы Халыаралық Валюта қорыныӊ келісім баптарын ратификациялады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Сонымен, қор дауысын бөлу мен оларды есептеу тәртібі өзгертілді. Сондай-ақ, аталмыш өзгертулерге сәйкес атқарушы директор өзіне 2 адамға дейін орынбасар тағайындай алады", - деп атап өтті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті.

Бұдан басқа, 2008 жылдыӊ 5 мамырындағы №63-3 Қарарға сәйкес қордыӊ инвестициялық және арнайы шығындар есеп шотындағы валютаны пайдалану өкілеттілігініӊ кеӊістігі кеӊейтілді. Ал, 2010 жылдыӊ 15 желтоқсанындағы №66-2 Қарарға сәйкес ХВҚ келісімініӊ "Он төртінші жалпы квотаны қайта қарау және атқарушы кеӊестіӊ реформасы" баптарына өзгертулер енгізу мақұлданды.

Салалық комитеттіӊ қорытындысында атап өтілгендей, бұл түзетулер Халықаралық Валюта қорына мүше - мемлекеттердіӊ жаӊа квоталарын бекіту үшін, оныӊ ішінде Қазақстан Республикасына квотаны көбету үшін қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны