10.05.2007, 12:09 1354

Мәжіліс ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заңның жобасы заң нормаларын жетілдіру мен оларды қолданыстағы заңдармен сәйкестендіру мақсатында жасалған", деді құжатты депутаттарға таныстырған ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес, үкіметтің ішкі әскерлер кеңесін құру құзыретін ҚР ІІМ-іне беру ұсынылған. Сонымен бірге ішкі әскерлердің қолбасшысына өзінің орынбасарларының кандидатурасын министрлікке таныстыру құқығын беруді заңдастыру ұсынылған.

"ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы" заңынан кейбір терминдер алынатын болды. Мәселен, "прапорщик" және одан туынды сөздер алынып, "әскери қызмет" сөз тіркесі "жауынгерлік қызмет" тіркесімен алмастырылатын болды.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны