09.11.2011, 13:39 3747

Мәжіліс индустриялдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасын қарастырады

9 қарашада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс индустриялдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасын қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 9 қарашада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құжат пен оған ілеспе құжаттарды Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ұсынады.

Сондай-ақ отырыста Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед "Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасайды. Сонымен қатар отырыста зияткерлік меншікке түзетулер енгізу мен халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты заң жобалары қаралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны