Система Orphus

Мәжіліс "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

22.01.2014, 19:11 2842

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" заң жобасын ілеспе түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасының өзектілігіне тоқталған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы биылғы Жолдауында ғылыми қамтымды экономика құруды маңызды бағыттардың бірі ретінде айтқанын алға тартты.

"Қазіргі таңда жаңа өнеркәсіптік өндірістің негізінде инновация тұруы үшін бизнестің, өндірістің, ғылымның әлеуетін біріктіру қажет. Бұл заң жобасы біздің елімізде жаңашыл технологияларды дамытуға арналған мемлекеттік қоолдаудың тағы бір құралы",-деді спикер.

Заң жобасы "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін, "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару ерекшеліктерін айқындайды.

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері қызметінің негізгі бағыттары: ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту, инновациялық кластер субъектілерінің технологияларын коммерцияландыруды ынталандыру және инновациялық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Нұрлан Нығматулин осы құжатпен айналысу барысында жұмыс тобының Алматыдағы "Алатау" инновациялық технологиялар паркінде болғанын атап өтті.Мәжіліс Төрағасы бұл заң жобасын қабылдау ғылыми қамтымды экономика құрудың берік заңнамалық негізін қалайтынына баса назар аударды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны