12.01.2011, 15:46 4929

Мәжіліс ипотекалық кредит беру және инвесторлардың құқын қорғауға қатысты құжатқа Сенат жасаған түзетуді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулерді қарап, құжатты қабылдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулерді қарап, құжатты қабылдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат 18 түзету енгізген болатын. Оның 9-ы редакциялық нақтылау сипатында болса, қалған 9-ы заң техникасына сәйкестендіруге бағытталып отыр.

Жалпы алғанда құжат қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі мен ипотекалық кредит беру мәселелері бойынша азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге, заң жобасы бойынша акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының жауаптылығын олардың қабылданатын шешімдер үшін дербес жауапкершілігін анықтау арқылы күшейту шаралары көзделеді.

Бұдан бөлек, заң жобасы ипотекалық заемшыларды қорғауды күшейте түседі. Атап айтқанда, соттың шешімінсіз ипотекалық кредит бойынша кепілде тұрған мүлікті, кепіл иесінің тиісті жазбаша түрде берілген келісімі болмаса заңды тұлғаның оларды пайдалануы үшін тыйым салу нормалары қарастырылып отыр. Сондай-ақ, кепіл ұстаушыға кепіл мүлкіне қатысты оны сату қажеттігі туындаған жағдайда тәуелсіз бағалау жүргізуді міндеттеу көзделеді. Құжатта жалпылама қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары да қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, банктік заемдар келісімшарты бойынша заңда қарастырылған жағдайдан басқа жағдайларда шарттарды біржақты өзгертуге тыйым салынады.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны