14.05.2008, 10:24 1264

Мәжіліс "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

"Заң жобасының мақсаты ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуды қамтамасыз ету, ішкі істер органы қызметкерлерін қызметке қабылдау және шығару, оларды қылмысы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешу, қызмет бабындағы міндетін атқару барысында мертігіп қалған қызметкерлерге бюджет қаржысы есебінен дауажай-шипажайларда емделу құқығын беру болып табылады", - делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтсақ, "ішкі істер органдарына алғаш рет жұмысқа қабылданған адамдар үшін 3 айлық сынақ мерзімі белгіленеді".

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны