18.05.2011, 17:48 3489

Мәжіліс исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құжат исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталады. Атап айтқанда, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы мақсатында әзірленген. Осы санаттағы бағалы қағаздарды шығару бойынша заң жобасын іске асыру "Үкіметтік борышқа қызмет көрсету" атты бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал құжатты қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тарту, Қазақстанның қаржыландыру секторы үшін бағдар (бенчмарк) белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етеді.

Астана. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құжат исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталады. Атап айтқанда, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы мақсатында әзірленген. Осы санаттағы бағалы қағаздарды шығару бойынша заң жобасын іске асыру "Үкіметтік борышқа қызмет көрсету" атты бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал құжатты қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тарту, Қазақстанның қаржыландыру секторы үшін бағдар (бенчмарк) белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етеді.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымға әзірлеу үшін комитетке тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны