25.06.2014, 22:28 3008

Мәжіліс Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді мақұлдады

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Келісім Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қолдау көрсету мақсатында Британ тарапының Қазақстан аумағы арқылы жүктің транзитін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны