01.03.2007, 13:29 3138

Мәжіліс Қазақстан мен Болгария үкіметтері арасындағы өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі Қазақстан мен Болгария үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту жайындағы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Хаттамамен енгізілетін өзгертулер келісіммен белгіленетін режимнің ережелері кез-келген келісімге келуші жақтарға олардың кедендік, экономикалық және валюталық одаққа, біртұтас нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше болуына байланысты берілген немесе болашақта берілетін артықшылықтарға қатысты қолданылмайтындығын заңдастырады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 15-мамырдағы заңымен бекітілген.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны