19.09.2012, 16:51 2728

Мәжіліс Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімді мақұлдады

1998 жылдың 24 қыркүйегінде Ватиканда жасалған келісімге сәйкес, Қазақстан мен Қасиетті Тақ өздерінің құқықтары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруда өзара еркіндікті танитын болады. Өзара қарым-қатынастары мен халықтар игілігі үшін ынтымақтастықта бұл қағидатты құрметтеуге міндеттеледі.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

1998 жылдың 24 қыркүйегінде Ватиканда жасалған келісімге сәйкес, Қазақстан мен Қасиетті Тақ өздерінің құқықтары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруда өзара еркіндікті танитын болады. Өзара қарым-қатынастары мен халықтар игілігі үшін ынтымақтастықта бұл қағидатты құрметтеуге міндеттеледі.

Қасиетті Тақ - бұл Рим Папасы мен Рим куриясының ресми жинақталған атауы болып табылады. Қасиетті тақ өзінің егеменді аумағы - Ватикан мемлекетін басқарады және ол халықаралық дербес құқықтық субъект ретінде әлемге танылған, БҰҰ жанында және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдарға тұрақты бақылаушы болып табылады. Ондықтан да, шет елдер дипломатиялық қарым-қатынастарын Ватикан қала-мемлекетімен емес, Қасиетті Тақпен орнатады.

"Қазақстан үшін Ватиканның Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыруға қолдау білдіргені үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, барлық төрт Съезде де Қасиетті Тақтың ең жоғары деңгейде қатысқандығын ерекше атап өтуге болады", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф.

Оның айтуынша, келісімді ратификациялау қажеттілігі еліміздегі "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" жаңа заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты туындап отыр. "Ватиканның Қазақстан үшін маңызды саяси серіктес ретіндегі рөлін және Елбасының халықаралық бағдарламаларына қолдау көрсетулерін ескере отырып, құжатты қабылдауға қолдау сұраймыз", - деді Қ. Лама Шариф.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны