23.06.2010, 17:12 3570

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай арасындағы газ құбырын салу жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімге енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Хаттамаға сәйкес Бейнеу - Шымкент газ құбыры Қазақстан - Қытай газ құбырының екінші учаскесі ретінде қарастырылады. Құжаттың негізгі мақсаты Бейнеу - Шымкент газ құбырын салу мен пайдалану бойынша Қазақстан - Қытай арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Хаттамаға сәйкес Бейнеу - Шымкент газ құбыры Қазақстан - Қытай газ құбырының екінші учаскесі ретінде қарастырылады. Құжаттың негізгі мақсаты Бейнеу - Шымкент газ құбырын салу мен пайдалану бойынша Қазақстан - Қытай арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, "хаттама ҚР заңдарында көзделген өзге ережелерді қарастырмайды". "Мәселен құрылып жатқан бірлескен кәсіпорынға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан заңнамасының нормалары мен өзге ережелері қолданылмайды. Сондай-ақ бұл кәсіпорын екінші учаскені салу үшін тартылған қаражаттарын қайтару күні аяқталғанға дейін кеден баждарынан қосымша салықтан, мүлік салығынан босатылады",- деді Сауат Мыңбаев.

Оның айтуынша, жобаны іске асыру Қазақстанның 400 жуық елді мекенін қамтыған. Тұрғындардың жалпы саны 2 млн. адамға дейін бұрын газбен жабдықталмаған Қызылорда облысының аумағын, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының Солтүстік аудандарын газбен жабдықтау мүмкіндігін арттырады. Жобаны іс асыру құрылысы барысында 9 мыңнан астам жұмыс орны, газ құбырын пайдалану үшін 500-ге тарта жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны