07.03.2007, 13:45 3198

Мәжіліс Қазақстан мен Нидерланды арасындағы өзара инвестицияны қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы өзара инвестицияларды қорғау және оны ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісім екі ел экономикасына салынатын инвестицияларды өзара ынталандыруға үлкен мүмкіндіктер береді",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, 1993-жыл мен 2006-жылдың қыркүйегі аралығында Нидерландының Қазақстан экономикасына жұмсаған тікелей инвестицияларының жалпы жиынтық өнімі 7085,7 млн АҚШ доларын құраған.

Келісімге 2002-жылдың қараша айында қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны