23.12.2010, 14:06 4502

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісімді мақұлдады

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында, аталмыш келісімнің мақсаты ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер құруға жәрдемдесу болып табылатындығы атап көрсетілген.

Осы келісім аясында бірқатар салаларда ынтымақтастық жүзеге асады. Толығырақ тоқталсақ, ғарыш кеңістігін зерттеу, Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш аппараттарын, шығару құралдарын және ғарыш қызметімен байланысты өзге де жабдықтарды әзірлеу, ғарыштық байланыс және соған қатысты ақпараттық технологиялар мен қызметтер көрсету, спутниктік навигациялық жүйелер мен технгологиялар, ғарыштық медицина мен биология салаларында өзара ынтымақтастықты жүргізу көзделеді.

Осы бағыттағы ынтымақтастық бойынша бірлескен бағдарламаларды, жобаларды, оның ішінде үшінші елдердің қатысуымен жоспарлау және жүзеге асыру шаралары қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми, техникалық ақпаратпен, арнайы біліммен, сынақтық деректермен және басқа да дүниелермен өзара алмасу көзделеді. Сонымен қатар, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану мен зерттеу әрі осы саладағы технологиялық жаңартуларды практикалық қолдану шаралары жоспарланады.

Келісімге Астана қаласында 2008 жылдың 22 мамырында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны