22.01.2014, 19:14 3559

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжіліс "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы отырыста сөз алған депутат Нұрлан Ибдіров Заң жобасында Ішкі істер министрлігінің құзіреттерін орталық аппарат және жалпы ішкі істер органдары ретінде бөлу, олардың міндеттері мен құқықтарын айқындау мәселесі қаралады.

"Қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылаушы комиссиялардың қызметі пысықталады", - делінген хабарламада.

Депутаттар заң жобасының тұжырымдамасын сақтай отырып, заң жобасын құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан айтарлықтай түзетуді ұсынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны