17.06.2009, 13:20 1214

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы заң жобасы кеден органдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің заңнамасымен үйлестіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер кеден құнын анықтау практикасына қоятын талаптарға сәйкес келтіру мақсаты көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны