10.06.2009, 17:38 2773

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасымен еліміздің Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы халықаралық төрелік және аралық іс қараудан мемлекеттің және оның мүлкінің иммунитеті, сондай-ақ аралық соттың және коммерциялық төреліктің құзыретін шектеу, шешімдерді қолданысқа енгізу, орындау және тоқтата тұру және де басқа бірқатар мәселелерді заңнамалық реттеуге бағытталған. Заң жобасы Қазақстанның Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізді. Иділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов заң жобасы жөнінде баяндама жасады. Ал Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ерзат Илзақов қосымша түсінік берді. Заң жобасы мақұлданды, енді екінші оқылымға дайындалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны