20.05.2009, 11:29 1562

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы туралы Иділет министрінің орынбасары Марат Бекетаев баяндама жасады.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысы бойынша заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізудің мақсаты бағалау қызметінің нарық жүйесін жетілдіру және ретке келтіру болып табылады.

Бағалау туралы есепті дұрыс жасамағаны үшін, сондай-ақ бағалау қызметі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу ұсынылады.

Бағалау қызметтерінің сапасын жақсарту үшін заң жобасымен оның білім деңгейін тексеру мақсатында бағалау қызметімен айналысуға үміткерді емтиханнан өткізу институтын енгізу ұсынылып отыр. Заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында мәжіліс депутаттары көптеген толықтырулар енгізген. Қорытынды салыстырма кестеге депутаттардың 54 түзетуі енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны