13.05.2009, 15:28 1270

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын жұмыс тобында талқылау барысында, денсаулық сақтау мәселелері бойынша қолданыстағы кейбір заңнамалық актілерді Кодекс жобасына сәйкес келтіру қажеттігі туындады.

Заң дайындаушы орган тарапынан ондай заң жобасының түспеуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып бір топ депутаттар бастамашы болып осы заң жобасын әзірлеп, парламент мәжілісінің қарауына ұсынды.

Заң жобасы қолданыстағы заңнамалық актілерді "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген. Сонымен қатар заң жобасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасын қоғам өмірінің тиісті салаларына қолдану тәжірибесі есепке алына отырып жүзеге асырылған.

Атап айтар болсақ, Қылмыстық, "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" және Еңбек кодекстеріне толықтырулар енгізіліп отыр. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу көзделген. Темекіге қатысты заңдарды бұзғандарды және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережелерін сақтамағандарды жауапкершілікке тартуды күшейту үшін аталған кодекстерге түзетулер енгізіліп отыр. Сондай-ақ "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Жарнама туралы" "Жеке кәсіпкерлік туралы" және бірқатар заңдарға түзетулер қарастырылған. Заң жобасы бойынша үкіметтен оң қорытынды алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны