24.12.2008, 14:40 1583

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытытндысына сәйкес, осы заң жобасы мемлекет басшысының Қаржылық қадағалау агенттігі мен үкіметке ислам қаржыландыру құралдарын дамыту мен енгізу бойынша шараларды қабылдау туралы берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. Заң жобасының негізгі мақсаты исламдық қаржыландыру құралдарын енгізу болып табылады.

"Бірінші кезекте заң жобасын әзірлеу әлемдік қаржылық рыноктардағы тұрақсыздыққа байланысты күрделі жағдай орын алған кезеңге тап болғандығын атап өту қажет. Қазіргі күнде АҚШ-та ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған қаржы рыногының тұрақсыздығы мен оның күрделілігі дүниежүзілік экономикаға өз әсерін тигізуде. Қазіргі кезеңде бірқатар елдердің үкіметтері банктердің және басқа қаржылық ұйымдардың қаржылық жай-күйінің төмендеуінің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауда.

Илемдік қаржылық рыноктардағы дағдарыс отандық қаржылық секторға өз ықпалын тигізді. Бұл банктердің сыртқы қаржыландыруға қол жетімділігін шектеумен көрінді және олардың белсенді қызметінің баяулауына алып келді. Біздің елде де қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Оның бірі жақында ғана "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының қабылдануы болып табылады",- деді заң жобасын мәжілістің тұрақты комитетінде таныстырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары М.Байсынов.

Қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстанда да қаржыландырудың исламдық құралдарын енгізу туралы мәселе аса маңызды. Заң жобасын қабылдау ислам қаржылық механизмдерін тиімді баламалы нысан ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда ислам қаржыландыру құралдарын енгізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісінше өзгерістер енгізу қажет, себебі исламдық қаржыландыру өнімдерін талдау көрсеткендей осы өнімдердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасының қолданыстағы және банктік заңнамасының аясында ұсынуға болмайды.

Атап айтқанда, заң жобасында исламдық банк ісін дамыту үшін орындалуы тиіс негізгі критерийлер белгіленген. Ең алдымен, исламның этикалық принциптерімен байланысты ислам банктерінің қызметіне қойылатын белгілі бір шектеулердің бар болуы (ішімдік өнімдерін, қару-жарақты, құмарлық ойындарды және т.б. қаржыландыруға тыйым салу) және шариғат кеңесіне ұқсас болып табылатын және банк операцияларының исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келуін бағалайтын, атап айтқанда, банк негізінде исламдық болып табылатынын растайтын исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің бар болуы. Екіншіден, ислам банктері пайызсыз негізде жұмыс істейтіндіктен, заң жобасында банктің сауда операцияларында қатысуына және өздерінің клиенттерімен кірістері мен шығыстарын бөлісуге негізделген банктік өнімнің балама нысандарын көздейді.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына депутат Бауыржан Смайылов жетекшілік жасады. Жұмыс тобының құрамына мәжілістің тұрақты комитеттерінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, сондай-ақ Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банкінің өкілдері енген. Сонымен бірге осы құрамға "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қызметкерлері де еніп отыр.

Заң жобасын қабылдау қаржыландырудың балама нысандарын енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәстүрлі қазақстандық банктердің банктік қызметі бойынша пайыздық ставкалардың төмендеуіне ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны