22.10.2008, 14:28 1444

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сөйтіп, заң жобасы қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұл құжат мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында даярланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны