11.11.2009, 15:37 2605

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы бойынша ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Ерхат Искалиев баяндама жасады.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытытндысына сәйкес, аталған заң жобасы "ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 жарлығын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезіндегі қазақстандық қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілеу, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен олардың еншілес және олармен аффилиирлік сипаттағы заңды тұлғалардың қазақстандық қамту бөлігіндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуының ерекшеліктерін регламенттеу, сондай-ақ қазақстандық қамту бөлігінде заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу және индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органға заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы хаттаманы жасау өкілеттіктерін беру болып табылады.

"Ұсынылған заң жобасы қазақстандық өндірушілерді қолдау және ынталандыру жөніндегі мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына сәйкес келеді және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайтуға ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне алып келеді",- дейді баяндамасында вице-министр.

Республикалық бюджет қаражатынан қаржылай шығыстарды көздемейтін заң жобасы бойынша "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Концессиялар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Заң жобасын үкіметтің бастамасымен Индустрия және сауда министрлігі әзірлеген, жұмыс тобының жетекшісі - депутат Мейрам Пішембаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны