24.06.2009, 16:15 2968

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Заң жобасы бойынша Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бақылаудың алты түрін жүзеге асыратын бес мемлекеттік органның болуы өткізу пункттерінде автокөлік құралдары мен жүктерді өткізу қабілеттілігін мейілінше қысқартады, функциялардың қайталануын жасайды, құжаттарды тексеру кезінде формализмге әкеп соғады. Көліктік, санитарлық-карантидік, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауларды жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның болмауы және тиісінше жұмыс тиімділігінің төмендігі кедергі келтіретін факт болып табылады. Өткізу пункттеріндегі істің жалпы жай-күйі үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі "күңгірт".

Осыған байланысты министрлік өткізу пункттерінде ықпалдасқан бақылауды енгізуді ұсынып отыр. Нәтижесінде өткізу пункттерінде екі мемлекеттік органы жұмыс істейтін болады, шекара қызметі - шекаралық бақылауды жүзеге асырушы, кеден органдары - жүзеге асырушы.

Бұл ретте, кеден органдарының функцияларына мемлекеттік бақылаудың қалған түрлері (санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық және көліктік) кіреді.

Қабылдайтын қадамдар шекарадағы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылаудың нысандарын оңтайландыруға, көлік құралдарын негізсіз кідіртуді болдырмауға, мемлекеттік органдар жүзеге асыратын рәсімдерден өтуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

"Мұндай бақылауды енгізу халықаралық стандарттарға негізделеді және Дүниежүзілік кеден ұйымы ұсынады. "Шекарада жүктерге бақылау жүргізудің шарттарын келісу туралы" Халықаралық Конвенцияға сәйкес кедендер өздерiне құзыреттi қызметтер тiкелей нысанда өкiлеттiлiктер берген кезде бақылаудың кейбiр түрлерiн жүргiзе алады. Халықаралық тәжірибе аталған принципті жетістікті қолдануды тағы да растайды. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында шекарадағы мемлекеттік бақылауды тек кеден органдары жүзеге асырады. Бүгінгде Қазақстанның кеден қызметі өз құзіретіне автокөлік өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік және және көліктік бақылауларды жүзеге асыруды ала алады",- деді қаржы министрі Б.Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны