03.06.2009, 17:14 2347

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын қабылдау қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелері қызметінің тиімділігін арттырады. Заң жобасының мақсаты жөнінде ҚР Иділет министрінің орынбасары Марат Бекетаев баяндама жасады.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ерзат Илзақов қосымша түсінік берді.

Заң жобасы халықаралық актілер ережелерін ескере отырып жазаны өтеу тәртібі мен жағдайларын одан әрі жетілдіруге, сотталғандарға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған.

Осы заң жобасымен қатаң оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, оқшау учаскелер құру жолымен әр түрлі режим түрлерінде жазасын өтеуге сотталғандарды бір түзеу колониясы шегінде камерада ұстау мүмкіндігі көзделіп отыр.

Сонымен қатар, тергеу изоляторларында тиісті жергілікті учаскелер құру жолымен қамауға алу түріндегі қылмыстық жаза енгізіледі, сондай-ақ оны атқарудың шарттары мен тетігі жетілдіріледі.

Қылмыстық-атқару кодексінің бірқатар ережелері қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес келтіріледі. Бірінші оқылымында мақұлданған, Заң жобасына ұсынылған депутаттар түзетулері жұмыс тобы мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырыстарында Қазақстан Республикасының Иділет министрлігі мен Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен қаралып, талқыланды.

Енгізілген түзетулер заң жобасының жекелеген нормаларын жетілдіруге, оның ережелерін басқа заңдармен сәйкес келтіруге, сондай-ақ Заң жобасының мазмұнын жақсартуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны