17.06.2009, 17:28 2548

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұл заң жобасы мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпанның 6-сындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына сәйкес әзірленген болатын.

Заң жобасының мақсаты заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алудың толық ауқымды және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, әлеуметтік қорғау мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара іс-қимылын жетілдіру болып табылады.

Алғаш рет құқық бұзушылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін, яғни, ауқымы бойынша аражігі ажыратылған жалпы алдын алу, арнайы және жеке жүйесін құруды енгізу ұсынылып отыр.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жақып Асанов қосымша түсінік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны