14.10.2009, 16:34 3199

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Депутаттар алдында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов заң жобасы бойынша заңдарға енгізілетін толықтырулар жөнінде баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов заң жобасына әріптестері енгізген толықтырулар туралы хабарлама жасады.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бұл заң жобасы мемлекеттің қаржыға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және салық салу принциптерін одан әрі жүзеге асыру мақсатында әзірленгенін айтып өтті.

Заң жобасын екі блокқа бөлуге болады: Бірінші - салық салу ставкалары мен салық салу шарттарын өзгерту. Екінші - практикада қолдануға байланысты жекелеген ережелерді нақтылауға бағытталған өзгерістер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны